Атырау, 2 мамыр 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Қытай құрылысшылары мен жергілікті тұрғындар төбелескен

1 769 рет қаралды

Қырғыз елінде қытай құрылысшылары мен жергілікті тұрғындар арасында төбелес болып, 20 адам жарақат алды.

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі «РИА Новости» агенттігіне хабарлады. Мекеменің мәліметі бойынша, 8 қаңтар күні кешке Өзген ауданындағы Құршаб ауылында қытайлық азаматтар ұялы телефон ұрлады деген күдікпен бір тұрғынды соққыға жыққан. Олардың бұл әрекетіне қызуқанды қырғыз ағайындар өре түрегеліп, 20 қытайлықты ауруханадан бір-ақ шығарған. Жарақат алғандардың қатарында тәртіп сақшылары да бар. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қытай құрылысшылары ішімдік ішкен.

Дереккөз: 24.kz

9 қаңтар 2013, 21:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.