Атырау, 24 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov порталында 6 жаңа қызмет іске қосылды

2 245 просмотра

Жақында біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тағы 6 жаңа қызметті іске қостық. Енді, eGov порталында ымдау тілі маманы, жеке көмекші немесе санаторий-курорттық емделу қызметтеріне тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ, міндетті гигиеналық құралдарға тапсырыс, кресло-арбалар, есту аппараттары, протездер және т.б. ұсыну бойынша қызметтер қолжетімді болды, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Барлығы ыңғайлы әрі оңай. Қажетті құрал мен арбаны алу мақсатында ХҚКО-да кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Бар болғаны, eGov порталы арқылы тапсырыс бере отырып, Қазпошта курьерлері барлығын жеткізеді. Бізге жаңа енгізілімдер туралы мұқтаж адамдардың білгені маңызды және оған көмектесетін жігіттер бар екендігі қуантады. Оның себебі, инстаграм желісінде мені @qazymcenter жігіттері белгілеп, eGov порталында қолжетімді қызметтер туралы роликтер түсіріпті. Осы ауқымды жұмыстары үшін оларға алғысым шексіз!

20 қаңтар 2021, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.