Атырау, 13 қазан 21:30
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қонжықтар мен мультфильм кейіпкерлері: парламенттік сайлау несімен есте қалды?

Бейнежазба
3 106 просмотра

10 қаңтарда ҚР Парламент мәжілісінің және мәслихатының сайлауы өтті. Сайлау коронавирус пандемиясымен тұспа-тұс келгендіктен осы жылы міндетті талап ретінде сайлаушылардың маскамен келуі міндетті болды. Алайда кейбір тұрғындар аталмыш саяси үрдісті тікелей мағынада "маскарадқа" айналдырған сыңайлы. Осы жолғы сайлау несімен есте қалды?, деп хабарлайды Stan.kz.

Парламенттік сайлауға бес партия қатысты: "Nur Otan", "ADAL", "Ақ жол", "Ауыл",  "Қазақстанның Халық" партиялары. Алдын ала жарияланған нәтижелерге сүйенсек, қазақстандықтардың 63,3 %-ы сайлауға келіп дауыс берген. 

Сайлауға қатысқан ең бірінші қазақстандық Оңтүстік Кореядағы Коре университетінің студенті Аделина Алпамыс болды. Бұл жақтағы сағаттық белдеу үш сағатты құрайтындықтан қазақстандық студент алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 

Мәселен, Түркістанда Марат Қалеке мен Ардақ Төлепбек некелерін қия салып, той алды дайындықтарға қарамастан, сайлауға асығыпты. Сөздерінше, бұл күні әрбір азаматтың парызы - сайлауға келу дауыс беру. 

Қарағандыда да жаңа отау құрған Нұрболат және Қарлығаш Нұртай бұл күні сайлауға келуді жөн көрген. 

Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде де ерекше жағдай болды. Жас жұбайлар Фархат Жанбеков пен Ботакөз Қалтаева Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде неке куәлігін алып, өз таңдауларын жасады. Қалыңдық ақ көйлек киіп келді.

Жұртты таңғалдырғандардың қатарында астана маңындағы Талапкер ауылының тұрғындары болды. Бір топ азаматтар сайлау учаскесіне ат мініп келіп,  өз таңдауын жасап кетті. Айтуларынша, суық күні көліктері оталмай қалғандықтан, олар тұлпар мініп келуге мәжбүр болыпты. 

Желі қолданушыларының қызу талқысына түскендердің бірі елордалық сайлау учаскесіне қысқа шолақ шалбар мен майка киіп келген Юрий Толочко болды. Бұған дейін қуыршаққа үйленбекші болып, митингке әйелдің киімін киген ол бұл жолы сайлауға басын көк түспен бояп, кеудесіне "tolerance" (толеранттылық) жазу жазып келді. Өз қылығын танымал бодибилдер қоғамның назарын трангендерлер мен ЛГБТ өкілдерінің мәселесіне аудырғым келді деп түсіндірді. 

Қарағандыда сайлау учаскесіне қазақстандықтар Тедди қонжықтары болып киініп келіпті. Алайда сайлау комиссиясы оларды дауыс беруге жібермей қойған. Өйткені "қонжықтар" өздерінің кім екенін көрсеткілері келмеген. Ал сайлау талаптары бойынша өзінің тұлғасын жеке куәлік бойынша растау міндетті. 

Қостанай тұрғындары да сайлау науқанына мультипликациялық туындылардың кейіпкері ретінде костюм киіп келіпті. Олардың бірі танымал "Босс-молокосос" мультфильмінінің кейіпкері ретінде сайлауға келсе, екіншісі "Гринч" костюмін киіп елді күлдірді. 



11 қаңтар 2021, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.