Атырау, 10 қазан 15:32
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Заман зобалаңы

1 733 просмотра

Өткен жылы Атырау облысында 29 АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған адам анықталды, олардың 24-і жергілікті тұрғындар.

Үшеуі - Өзбекстаннан келген келімсек болса, біреуі алыс шетелден, біреуі еліміздің өзге өңірінен келгендер. 15 әйел (олардың 12-сі – жүкті) және 14 ер адам, жастары 15-тен 49-ға дейінгілер. Жұқтырудың 86%-ы жыныстық қатынас жолымен, 11%-ы – тамырішілік жұғудан болса, қалған жағдайларда жұғу жолдары анықталмады.

Аурудың даму қарқыны қатерлі: 2010 жылы 15 адам анықталса, 2011-де - 17, енді 24-і тіркеліп отыр.

- Бұрын АҚТҚ жұқтырғандар, негізінен, облыс орталығында анықталатын, ал өткен жылы аудандарда бірден 5 оқиға тіркелді; олардың барлығы клиникалық көрсеткіштер бойынша анализдер тапсырды, - дейді облыстық ВИЧ/СПИД-пен күрес орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр ОМАРОВА.

Аурудың алғаш тіркелген сәтінен бастап (1993 жылы) бізде барлығы 149 АҚТҚ жұқтырғандар тіркелді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қаңтар 2013, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.