Атырау, 12 қазан 15:28
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

СПИД ауамен таралмайды

3 380 просмотра

Өткен жылдың аяғында СПИД орталығы ғимаратының құрылысы қайта жанданды. Ал бұл кейбір қала тұрғындарының наразылығын тудырды - «Облыстық ВИЧ/СПИД-пен күрес және алдын алу орталығы» деген маңдайша ілінетін ғимаратпен көршілес болу олардың үрейлерін алып отыр.

Редакцияға келген хаттан үзінді: «Облыстық перзентхана аумағында салынып жатқан нысанға назар аударсаңыздар. Біздің білуімізше, бұл СПИД орталығы болмақ. Осы мәселе бұрын да көтеріліп, құрылыс тоқтатылған еді. Бірақ енді құрылыс қайта жанданып, нөлдік цикл ішінара дайын болыпты. Неліктен мұндай нысанды перзентхана аумағына және жалпы тұрғын үй массивінің жанына салып отыр?».

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 2011 жылы басталған құрылыс қала тұрғындарының наразылығынан емес, жобаға қатысты проблеманың салдарынан тоқтатылған - кезінде оның құны қате белгіленіпті.

- Бұл аумақтан СПИД орталығын салу барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келеді. Санэпидқадағалау департаменті рұқсатын берді. Орталық ғимараты қоршалған, Владимирский көшесі жақтан кіретін бөлек өз есігі болады, - дейді М. Өтепқалиев.-  Перзентханада ВИЧ жұқтырған әйелдер де босанады ғой. СПИД орталығына қарсыластардың пікірінше, олар қайда баруы тиіс? Олар біз үшін белгілі бір мәртебесі бар кәдуілгі пациенттер боп табылады. Бастысы – санитарлық-гигиеналық режимді дұрыс сақтау. Ал олардың балаларының дендері сау.

СПИД орталығы мамандарының растауынша, облыстық перзентхана (ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдерді сол жерге жібереді) дәрігерлері мен медқызметкерлері оқытылған, олар хаттама бойынша қандай шаралар жасалатынын, тіпті қан шығармай кесарь тілігін жасауды да біледі. Ал орталық мамандары «өз» пациенттеріне кеңес береді, олардың емделуіне бақылау жасайды. 2007 жылдан бастап облысымызда ВИЧ жұқтырған 16 әйел босанды. Дүниеге келген сәбидің бірде біреуінде анасының сырқаты жоқ. Бұл ағзадағы инфекцияның бетін қайтаратын жүйелі антиретровирусты терапияның (АРТ) нәтижесi («АЖ» №33, 16.08.12 жыл «Ана болу - әр әйелдің арманы» мақаласын қараңыз).

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен перзентхана пациенттерінің қорқынышы негізсіз екен. Әрбір стационардың, соның ішінде перзентхананың өз зертханасы бар. Олардың барлығы автономды және СПИД орталығына қатысы жоқ. Жүкті әйелдер үшін міндетті ВИЧ анализдері бұрын да СПИД орталығына жіберіліп жүрді. Алдағы уақытта да солай болады.  Тек бір айырмашылығы, жаңа ғимаратқа анағұрлым заманауи әрі мықты зертхананы орналастыру жоспарланған. Ол жерде бүкіл облыстың анализдері жинақталатын болады. СПИД орталығының штатын кеңейту жоспарланып отырған жоқ. Сол бұрынғы мамандар жұмыс істейді, тек психологиялық қызмет күшейтіледі. Стационарлық бөлімше құру да жоспарда жоқ, СПИД орталығының пациенттері амбулаториялық түрде емделеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қаңтар 2013, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.