Атырау, 11 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жарық пен жылу қымбаттады

2 615 просмотра
Тарифтің көтерілуіне соңғы жылдардағы газ бағасының өзгеруі себеп болды, дейді коммуналдық қызметтер.

Облыста Жаңа жылдан бастап жарық пен жылу қуатының құны қымбаттады. Жылудың бағасы 25 пайызға өссе, электр қуатының бағасы 10 пайызға артты. Енді тұрғындар 1 гигакалория жылуды 3118 теңгеге сатып алады. Яғни 1 шаршы метр үшін тұтынушылар 107 теңге төлейді. Тарифтің көтерілуіне соңғы жылдардағы газ бағасының өзгеруі себеп болды, дейді коммуналдық қызметтер. Өйткені, облыста электр және жылу қуатын өндіру көгілдір отынға тікелей байланысты. Сондай-ақ, жақын күндері Орал қаласында судың да бағасы өсуі ықтимал. «Батыс су арнасы» серіктестігі бір текше метр судың құнын 80 теңгеге көтеруді, яғни 3 есеге арттыруды көздеп отыр. Кәсіпорын өтінішін қазір монополияны реттеу органдары қарап жатыр.

 
Клара Әлиева, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу агенттігінің БҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:
- Суға байланысты тиісті шешім 8 қаңтар күні шығарылады. Айта кетерлігі, аймақтар арасында бізде суға ең төмен баға қалыптасқан. Электр қуаты бойынша да тариф төмен. Ал, жылудың құны басқа облыстармен салыстырғанда бізде жоғары.
Дереккөз: kaztrk.kz
8 қаңтар 2013, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.