АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон науқасынан кейін дүйсенбі күні қызметіне қайта кіріседі. АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған шаралардың кестесіне сәйкес, ол өз орынбасарымен кездеседі, деп хабарлайды ВВС.
Клинтон Нажать 31 желтоқсаннан бері Нью-Йоркте ауруханада жатқан болатын. Жоспарлы тексеру кезінде оның қанында тромб түзілгені анықталды. Бұған дейін, 2012 жылғы желтоқсанның басында мемлекеттік хатшы ес-түссіз құлап, соның салдарынан оған миы шайқалды деген диагноз қойылды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, оның талып құлауына асқазан инфекциясы салдарынан ағзадағы ылғал тапшылығы себеп болған.
65 жасар Клинтонның жұмыс кестесі тым ауыр. Ассошиэйтед пресс атап өткендей, Клинтон мемлекеттік хатшы қызметі кезінде өзіне дейінгі хатшылармен салыстырғанда әлемнің 112 елінде анағұрлым көп болған.
Дереккөз: bnews.kz