Атырау, 8 қазан 19:19
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Колорадода тағы да атыс: төрт адам оққа ұшты

1 519 просмотра

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Американдық Колорадо штатының Аврора қалашығында полицеймен атыста ер адам өлтірілді, ол бұған дейін болжам бойынша үш адамды атып тастаған болатын, деп хабарлады Би-Би-Си.

Полицейлер көршілердің шақыруымен жеткен болатын, олар дербес үйлердің бірінде атыс болып жатқанын хабарлаған еді. Полицияның мәліметтері бойынша, үйде «қаруланған және қауіпті қаскүнем» жасырынған.

Онымен келіссөздер нәтижесіз болды. Бірнеше сағатқа созылған қоршпаудан кейін полицияның арнайы жасағы үйді шабуылмен басып кірді. Атқан адам өліп қалған болып шықты.

«Біз одан шығып, берілуді талап еттік, бірақ ол бас тартты. Содан ол екінші қабаттың терезесінен басын қылтитып, бізге тағы оқ жаудырды. Біз қайтара оқ атып, оны жарақаттадық - бұл оқ оны өлімге соқтырды», - деді журналистерге полиция өкілі Кассиди Карлсон.  

 «Полицейлер үйге кіргенде олар тағы үш адамның мүрдесін көрді. Біздің ойымызша, олар бір-бірін білетін болуы керек, мүмкін туыстар шығар, олар осы үйде тұрған ба, егерде солай болса, қандай байланыстары болғаны әзірге белгісіз», - деп қосты ол.

Қаза болған екі ер адам мен бір әйелдің есімдері әзірше хабарланған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, адамдар полиция келгенге дейін көз жұмған. Осы үйде болған тағы бір әйел аман-есен сытылып шыққан.

Аврора қалашығының өткен жылы шілдедегі қайғылы оқиғамен атағы шыққан, онда қарулы Джеймс Холмс есімді ер адам кинотеатрға кіріп, көрермендерге бей-берекет оқ жаудырған болатын. Оқиғаның салдарынан 12 адам қаза болды және 58 адам жарақаттанды.

Дереккөз: inform.kz
 

6 қаңтар 2013, 18:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.