Швейцарияның байырғы банкі - «Вегелин» қаржылық қиындықтарға байланысты өзінің өмір сүруін тоқтатқанын жариялады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Сонымен бірге ол Нью-Йорктегі американ сотында АҚШ азаматтарының салықтан жалтаруына көмектескені үшін айыпты екенін мойындады.
Тиісті хабарлама әлемдік қаржы нарықтарына таратылды.
«Банк АҚШ өкімет орындарына 57,8 млн. доллар көлемінде айыппұл төлегеннен кейін ол өмір сүруін тоқтатады», - делінген онда.
1741 жылы ресей тағына Петр І-нің қызы - Елизавета Петровна отырған кезде құрылған «Вегелин» соңғы он жыл бойы өзінің құрылымдары арқылы жүзге тарта американдық азаматтарға салықтан жалтаруға мүмкіндік бергенін мәлімдеді. Бұл ретте олардың салық қызметтерінен жасырған қаржысы 1,2 млрд. долларға жуық ақшаны құрады.
«Вегелин» американдық сот алдында Құрама Штаттар азаматтарын салықтан жалтарудағы АҚШ өкімет орындарының алдындағы кінәсін мойындаған алғашқы шетелдік банк болды. Бұл үшін ол оффшорлық есепшоттарды пвайдаланған.
АҚШ әділет министрлігі тарапынан сотпен қудалаудың нәтижесінде Швейцарияның ежелгі банк күйреді.
Төрт жыл бұрын Швейцарияның ірі банкі - ЮБС-қа АҚШ өкімет орындары амеркан азаматтарына салықтан жалтаруға жәрдемдескені үшін айыппұл салған болатын. Алайда ол кезде осы швейцариялық несие институты сот алдында кінәсін мойындаған жоқ, дегенмен 780 млн. доллар көлеміндегі айыппұлды төледі.
Қазір АҚШ өкімет орындары американдық салымшыларды тарту үшін оффшорлық есепшоттарды пайдаланғаны үшін 11 швейцарлық банкке қарсы тексеру жүргізуде.
Дереккөз: inform.kz