Жергілікті синоптиктер өткен жылға қарағанда биыл қаңтар айы жылы болады деген болжам жасап отыр.
Атырау облыстық «Қазгидромет» РМК-ның метеоболжам бөлімінің бастығы Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢайтуынша, қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап екінші онкүндіктің ортасына дейін күн әжептәуір жылынады деп күтілуде. Осы аралықта ауа температурасы күндіз 1 градус аяздан4 градусқа жылылыққа дейін, кей жерлерде 6 градус аяздан 4-9 градус жылылыққа дейін, түнде - 11-16 градус аяздан 1-6 градус аязға дейін болады деп күтіліп отыр.
Қаңтардың екінші онкүндігінің орта шенінен бастап, үшінші онкүндіктің ортасына дейін температура түнде минус 13-18 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 23-28, күндіз 1-4, кей жерлерде 9-14 градусқа дейін төмендейді.
Ай ішіндегі жауын-шашын мөлшері Атырау облысының шығысында (Жылыой мен Мақат аудандарында) нормадан көп болады, басқа аумақтарда норма шамасында (6-15мм) болады деп күтілуде
Қаңтардың бірінші онкүндігінде, екінші онкүндігінің басында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында қар жауады, бірінші онкүндіктің басында және екінші онкүндіктің ортасында тұман мен көктайғақ болады деп болжам жасалып отыр.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА