Бейсенбі – газет шығатын күні, бүгін де, жұмада редакцияға хабарласқан газетке жазылушылардың қоңырау легі толастамады. Олар «АЖ»-ның 2013 жылғы 1-нөмірін неліктен әлі ала алмай отырғандығын сұрауда.
Ал газет жаңажылдық демалыс күндеріне қарамастан басылып шығып, тиесілі мерзімде поштаға жіберілді.
Біз «Қазпошта» облыстық филиалының жазылым бөлімінің бастығы Марианна КИМНЕН жағдайға байланысты түсінік беруін өтіндік:
– Бар мәселе - жаңа компьютерлік бағдарламада, ол жазылым науқаны барысында орталықтандырылып енгізіле бастады. Басылымдарға жазылу жөніндегі барлық мәліметтер жаңа бағдарлама дерекқорына енгізілді. Енді жыл басталып жатқанда ол жұмыс істемей қалды. Алматыда басылымдарды жіберу үшін бөлу құжаттары жасалуы тиіс. Біз жалпы облыс бойынша бөлу құжатын ғана алдық, ал нақты қала мен аудандардың пошталық бөлімшелері бойынша әзірге алған жоқпыз. Қазір мамандар бағдарламадағы ақауды жоюда, содан кейін жазылушылар өз басылымдарын ала бастайды. «Қазпошта» қолайсыздықтар үшін жазылушылардан кешірім сұрайды.
Тамара СУХОМЛИНОВА