Атырау, 11 қазан 11:23
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Израиль Мысырмен арадағы «қауіпсіздік дуалы» құрылысын аяқтады

1 805 просмотра
 
Израиль Мысырмен шектесетін тұста «қауіпсіздік дуалын» тұрғызып бітті. Осының құрметіне кеше салтанатты шара өтіп, оған ел Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, қауіпсіздік қызметінің басшылары, сондай-ақ, заңсыз иммигранттарды еліне қайтарумен айналысатын уәкілетті өкіл Хагай Адас қатысты. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.

«Жеті айдың ішінде Израилге бірде-бір заңсыз иммигрант өткен жоқ,- деді премьер өз сөзінде. - Шекараны заңсыз кесіп өтетіндердің жолын кестік. Он мыңдаған адамды өз елдеріне қайтаруды да ойдағыдай атқарамыз». Оның айтуынша, бұл іс басталып та кеткен көрінеді.

Тоқтала кететін жайт, төрт жылға жоспарланған дуал құрылысы екі жылдың ішінде аяқталған. Оның ұзындығы - 230 шақырым, ал жұмсалған қаржы 430 млн-ға тарта долларды құрайды. «Өткен жылы шекараны кесіп өтетіндердің саны азайған. Өткен жылдың қаңтар айында Израиль аумағына 2153 шетелдік заңсыз өткен. Өткен айда 36 адам шекараны заңсыз кесіп өткен. Олар дереу тұтқындалды»,-делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қаңтар 2013, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.