Атырау, 25 қараша 07:03
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңізді тоқтатқан түн (толықтырылды)

2 485 просмотра

2 қаңтарда кешкі уақыттан бастап 3 қаңтар таңға дейін Теңіздегі өндірістік кешен электр қуатынсыз қалды.

Бұл туралы азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Асылбек ӨТЕҒАЛИЕВ хабарлады. Электрмен қамту қалпына келтірілген, ажыратылу себептері туралы хабарланбайды.

Теңіз кенішінде электр энергиясының болмауы атмосфераға құрамында күкіртсутегі бар қышқыл газдың тарауына соқтыруы мүмкін. Алайда, облыстық экология департаментінің директоры Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, бұл аралықта шығарындылар тіркелмеген.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Светлана ҚАЙЫРҒАЛИЕВА хабарлағандай, Теңіз кенішіндегі өндірістік нысандарда электр энергиясының ішінара болмауы электр энергиясын өндіретін турбиналардың біріндегі ақаудың, сондай-ақ, KEGOC магистральды электр желісі жұмысындағы іркілістердің салдарынан орын алған. 

Нәтижесінде мұнайды тұрақтандыру және газды өңдеу кешенді технологиялық желісіндегі, шикі газды айдау кешеніндегі және екінші тынысты зауыттағы өндіріс технологиялық қауіпсіздік шараларына сәйкес уақытша тоқтатылды. 3 қаңтарда электр энергиясын беру қалпына келтіріліп, турбина қайта іске қосылған. Өндірістік режим реттелді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қаңтар 2013, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.