Облыстық прокуратура жыл қорытындысын шығарды.
Атап айтсақ, прокуратураның арқасында жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне қарыз болған 437 млн теңге жалақылары төленіп, 21,4 млн теңге зейнеткерлік аударымдар бойынша қарыздары жабылды.
2012 жылы қылмыс санының өсімі байқалды - 5 926, 2011 жылы 4 610 болған. Прокуратура қызметкерлері мұны ең алдымен фактілерді есепке алу мен тіркеуді қатаңдатумен байланыстырады.
Жүргізілген тексерулерден кейін облыстық ішкі істер органдары қызметтік кабинеттерінен заңсыз ұсталған 13 тұлға босатылды.
Облыстық прокуратура ұйымдастырған «Балаңды есіңе ал – алимент төле» акциясы қорытындысы бойынша 225 камелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары қорғалып, борышкерлерден 2,5 млн теңге өндірілді
Зульфия ИСКАЛИЕВА