Атырау, 2 маусым 04:36
 дождьВ Атырау +16.3
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Блогтарға баға берілді

2 342 рет қаралды

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі «Казпотребнадзор» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, облыс әкімдерінің блогтарына зерттеу жүргізді.

Зерттеу жұмысы екі бөлікке бөлінді: блогтың қолжетімділігі және пайдаланушылардың сұрақтары мен хаттарына әрекет ету жылдамдығы.

Қолжетімділік бойынша көш басында Астана мен Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерінің блогтары тұр. Рейтингтің аутсайдерлері – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Атырау облыстары. «Веб-парақтар тұрғындардың әкімге сұрақ қоюға ниеті болмайтындай етіп жасалғандай әсер қалдырады», - делінген рейтинг комментарийінде.

Әрекет ету жылдамдығы бойынша көшбасшылар тобын Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары құрады. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің блогы – қайтадан аутсайдерлер қатарынан орын алды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

3 қаңтар 2013, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.