Атырау, 23 қараша 01:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

1 қаңтардан бастап қазақстандық тәртіп сақшыларының жалақысы өседі

5 075 просмотра
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
 
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша еркін бюджеттік тапсырыс құрамына Ішкі істер министрлігі ІІО қызметкерлерінің арнайы шендері үшін төленетін үстемақы көлемін өсіру ұсынысын жасап, Республикалық бюджеттік комиссия бұл ұсынысты қолдады - 35 322,5 миллион теңге», - делінген хабарламада.
 
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы шендер үшін төленетін үстемақының өскен көлемі ескеріліп бекітілген қаржының орташа мөлшері келесідей:
- аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 20 жыл қызмет атқарған полиция полковнигі - 226 405 теңге (қазіргісі 175 562 теңге);
- учаскелік полиция инспекторы, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция капитаны - 134 667 теңге (қазіргісі 100 618 теңге);
- оперативтік уәкіл, аудандық деңгейдегі тергеуші, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 117 733 тенге (қазіргісі 72 535 теңге);
- орталық аппарат оперативтік уәкілі, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 142 397 теңге (қазіргісі 97 199 теңге).
 
Естеріңізге сала кетейік, «құқық қорғау органдары қызметкерлері жалақысының өсетіндігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы жұмыстарының екінші кезеңі аясында Алматы қаласына келген кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы – полиция майоры А. Выборов мәлім еткен болатын», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан ТРК
2 қаңтар 2013, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.