Атырау, 30 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 459.06
€ 503.77
₽ 5.16

Қызылорда облысында «Шапағат ЖМЗ» аумағындағы жатақхананың өртенуінен 26 жұмысшы тұншықтырғыш газға уланып қалды

1 981 просмотра

Қызылорда облысы «Шапағат жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС аумағындағы жатақханадағы өрт салдарынан 26 жұмысшы тұншықтырғыш газға уланып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Өрт 1 қаңтар күні сағат 04:10-да №2 тұрғын кешенінде «Шапағат жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС, Арысқұм кен орнында болды.

«Өрт сағат 04:50-де ауыздықталып, 09:00-де сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына «Қуат Амлон Мұнай» АҚ кен орнының ведомстволық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам және 2 дана техника; қр тжм қызылорда облысы ТЖД-дан 2 адам мен 1 дана техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 600 ш.м. құрады. Тұншықтырғыш газға уланған 26 жұмысшыға медициналық тексеру жүргізіліп, содан соң олар амбулаорлық емдеуге жіберілді», – делінген хабарламада.  

Дереккөз: bnews.kz

2 қаңтар 2013, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.