Атырау, 25 сәуір 18:22
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Внуководағы" ТУ-204 ұшағының апатқа түсу сәті тіркелген бейнежазба пайда болды

2 025 просмотра

Киев шоссесімен келе жатқан жүргізушілердің бірінің бейнетіркеу камерасы ТУ-204 лайнерінің апат сәтін түсіріп алған. Ролик Youtube-ке орналастырылыпты.

Бейнетіркеу мәліметтері бойынша, сенбі күні кешкісін 16 сағат 35 минутта "Внуково" әуежайының ұшу-қону жолағының бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан ұшақ Киев шоссесінің маңындағы ойпатқа сырғанап түскен. Бейнежазбада ұшақтың алдыңғы кабина жағының бөлініп, соқтығысқаны айқын көрініп тұр.

"Интерфакстың" хабарлауынша, апат кезінде магистраль бойымен келе жатқан жүргізушілердің ешқайсысы зардап шекпеген.

Апат кезінде ұшақ бортында тек экипаж ғана болған. Төрт адам қаза болып, төрт адам жараланды.

Ту-204 ұшағының "қара жәшігі" табылып, Мемлекетаралық авиациялық комитетіне  сараптамаға жіберілген. Әзірге апат себебі анықталуда.

 

П

Интернет материалдарынан

1 қаңтар 2013, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.