Атырау, 22 қараша 18:25
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қытайлықтар Аспанасты елін әлемдік держава санаудан бас тартты

1 697 просмотра

Қытайлықтардың 80 пайызы Қытайды әлемдік держава санаудан бас тартты. Олардың айтуынша, Аспанасты елі бұл атақты алу үшін әлі де болса қыруар шаруалар атқаруы тиіс.

The Global Times басылымы жасаған сауалнама мәліметтерін France-Presse агенттігі келтіріп отыр.

Сұралғандардың 82,3 пайызы осындай пікір білдірген. Респонденттердің 54 пайызы Қытай әлемдік держава атағын алудың сәл алдында тұр деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы зерттеу барысында Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуына оң баға берген. Тағы бір жартысы Қытай мен Жапония арасында болуы мүмкін байланыстардың дамуына оң қабақ танытпайтындықтарын білдірген. «Қытай менің сүйікті елім» деп қытайлықтардың 57 пайызы жауап беріпті. Ал сүйікті елдердің ішінде екінші орынға АҚШ мемлекеті кіріп отыр.  

Global Poll Center орталығы интернет және телефон арқылы жүргізген сауалнамаға әр қаладан 15 және одан жоғары жас аралығындағы 1404 адам қатысты.
Дереккөз: inform.kz

1 қаңтар 2013, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.