Атырау, 25 қараша 07:08
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өз жұмысшыларымыз тартылсын

1 607 просмотра

26 желтоқсанда өткен облыс активінде мұнай және газ министрі Берік ТОЛЫМБАЕВ (суретте) «ОблТрансГаз» КМК-ын «ҚазТрансГаз» ҰК ұлттық операторына беру туралы Атырау облысы әкімінің шешімін дұрыс деп атады.  

Бұл жүйелерді жақсырақ басқаруға, қауіпсіздік шарттарын сақтауға және басқа өңірлерге қарағанда газдың төмен бағасын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

АМӨЗ-де екі жобаны (хош иісті көмірсутек өндіру кешені мен мұнайды терең өңдеу кешені) жүзеге асыратын қытайлық компаниялар жергілікті еңбек нарығында білікті кадрлар жоқ деген желеумен қытайлық мамандарды қосымша әкелдіріп отыр.  Толымбаевқа бұл мүлдем ұнамайды.

3 қаңтарға біз өзіміздің министрлікке қытайлық өкілдерді шақырып қойдық. Осы кездесуде жергілікті кадрлар үшін басымдылық танытуға қол жеткізбек ойдамыз, - деді ол. 

Теңізшевройлдың жобалары бойынша Мұнай және газ министрлігінің ұстанымы да сондай:

Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы министрлікке әлі ұсынылған жоқ. Оған жергілікті мамандарды тарту үшін жұмыстанатын боламыз. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

3 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.