Атырау, 25 қараша 06:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Салымдар да, қарыздар да өсуде

1 554 просмотра

Жоғары пайыздарға қарамастан, адамдар банктен қарыз алуын жалғастыруда.

Егер бұрын екінші деңгейдегі банктерге ипотекалық несиелеу үлкен табыс көзі болып есептелсе, дағдарыстан кейін көптеген екінші деңгейдегі банктер экспресс-несиелеуге көп көңіл бөлуде.

Ұлттық банктің облыстық филиа-лының деректері бойынша, қысқа мерзімдік қарыздардың (несиелеу мерзімі 1 жылға дейін) көлемі 2012 жылдың 9 айында 81 млрд теңгені құрады (2011 жылдың осы кезеңінде 54,3 млрд теңге болған). Бұлардың 77,5 млрд теңгесі заңды тұлғалардың еншісінде болса, небары 3,5 млрд теңгесі жеке тұлғалардың мойнында.

Халық арасында орта және ұзақ мерзімді қарыздар үлкен сұранысқа ие. 2012 жылдың 9 айында осы қарыздардың жалпы көлемі 89,7 млрд теңге болды (2011 жылдың осы кезеңінде – 67,7 млрд теңге). Бұлардың 63,9 млрд теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі болса, 25,8 млрд теңге заңды тұлғалардың үлесінде. 2012 жылдың 9 айында банктерден барлығы 170,7 млрд теңге несие алынған (былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 млрдартық).

Қарыз алушылардың мерзімі асып кеткен төлемдеріне келетін болсақ, мұнда шамалы өсім байқалады. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдаймен халық банктерге 6,2 млрд теңге қарыз болған ( 2011 жылғы 1 желтоқсанда – 5,8 млрд теңге).

Кейбір банктерде ипотекалық несиенің де арта бастағаны байқалды. Алайда мұндай жағдай барлық банктерде бірдей емес. Ипотекалық несиенің шарттары бұрынғысынан өзгермеген.

«Жаман» несиелердің көлемін азайту үшін банктер кері есептеу, кейбір жағдайларда өсімақылар мен басқа да айыппұлдарды шегеру сияқты жеңілдіктерге баруда. Сарапшылардың айтуынша, әр берілген несиеге банктің өз резерві болады. Осындай қауіпсіздік шаралары банкті төлемеу жағдайларында қорғайды.

Банктер, негізінен, өз ресурстары (депозиттер, салымдар және т.б.) есебінен несие береді. Ипотекалық дағдарыстан кейін шетелдік нарық біз үшін әлі жабық.

2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдаймен халықтың депозиттер бойынша салымдары 62,8 млрд теңгені құрады (өткен жылғы көрсеткіштен 10 млрд теңге артық).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.