АСТАНА, 29 жел - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан үкіметі ЖЖМ экспортына тыйым салуды ұзарту туралы қаулы қабылдады. Тиісті қаулы сенбіде ресми баспасөзде жарияланған.
"2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН коды 2710 12 210 0 – 2710 12 250 0) және тұрмыстық пеш отынынан басқа, жеңіл дистилляттарды және өнімдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 – 2710 19 250 0), газойлдарды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 420 0 – 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0) және өзге де мұнай өнімдерін (КО СЭҚ ТН коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін",-делінген құжатта.
Дереккөз: newskaz.kz