АСТАНА, 29 жел - Қазақстан жаңалықтары АА. Маңғыстау облысы әкімдігінде ереуілге шыққан коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне таяу күндері жалақы төлеуге, сондай-ақ оларды жұмыспен қамтамасыз етуге уәде берілді деп хабарлайды өңірлік Ақтау-Лада газеті.
Ақтау қаласының жолдарын тазалаумен айналысатын «Сабытай» ЖШС коммуналдық кәсіпорнының ондаған қызметкері облыстық әкімдіктің алдында 28 желтоқсанда, жұмада жиналды. Басылымның мәліметінше, кәсіпорын қызметкерлері жұмыстары жоқ екенін айтады. Соған байланысты Жаңа жылда отбасыларын асырауға щамалары келмейтіндерін жеткізді.
«Кәсіпорын жұмысшыларымен Маңғыстау облысы әкімдігінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің, сондай-ақ олар жұмыс істейтін компанияның басшылығы кездесті. Жұмысшаларға таяу бірнеше күнде жалақы төлеуге, сондай-ақ оларды жұмыспен қамтамасыз етуге уәде берілді. Ереуілшілер Жаңа жылда олардың талаптары қанағаттандырылады деген үмітте" - деп жазады газет.
Дереккөз: newskaz.kz