Атырау, 26 желтоқсан 15:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Олар «Ақ Жайыққа» жазылды да, ұтысқа ие болды

2 947 просмотра

26 желтоқсанда Д. Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйінде «Ақ Жайық» газетіне жазылушылар арасында дәстүрлі лотерея ойыны өткізілді. 27 адам 5 000-нан 1 000 000 теңгеге дейінгі аралықта ақшалай ұтысқа ие болды («Ақ Жайық» лотереясының ұтыс қорытындысы» жарияланымын қараңыз). Біз олардың кейбірімен тілдескен едік.

5 000 теңге ұтып алған зейнеткер Қазира СҮЙІНҒАРИЕВА Мәдениет үйінде болды:

– Біз «Ақ Жайыққа» ол алғаш шыға бастағаннан бері жазылып келеміз деуге болады. Бұрын өзіміз жазылатынбыз, енді зейнеткерлікке шыққан кезде, «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ өзінің басқа зейнеткерлері секілді мені де газетке жаздыратын болды. Лотереяға жыл сайын қатыстым, бірақ алғаш рет ұтып отырмын. Қуаныштымын!

 

Болат ТӨЛЕМІСОВ (30 000 теңге):

– Мен сәттілікке сене қоймайтын адаммын. Бірақ сіздердің жыл сайынғы лотереяларыңызға қатысуға жұбайым мәжбүрлейді. Әйеліме рахмет! Таныстарым қоңырау шалып, менің ұтқанымды айтқан кезде - сенбедім. «Ақ Жайық» сайтын ашып қарағанымда, дәл солай, менің фамилиям тұр екен. Жаңа жылға жақсы сыйлық болды.

 

50 000 теңге ұтысына ие болған Бағытжан НҰРҒАЛИЕВТЫҢ жұбайы Шәрбат:

– Бұрын біз ешқандай лотереяға қатысқан емеспіз. Бір нәрсені ұтуға болады дегенге сенбейтін едік. Ал бұл жолы сіздердің Азаттық даңғылы бойындағы дүкендеріңіздің қасынан өтіп бара жатып, қарасам, жазылу талоны өзіммен бірге екен. Содан соң тіркеліп кетейін деп ұйғардым. Ал енді ұтып отырмыз! Бізге, зейнеткерлер үшін бұл ақшалар артықтық етпейді. Жаңа жылда баршаңызға сәттілік тілеймін!

 

Зейнеткер Лидия ЛОБИКОВА (60 000 теңге):

– Биыл үй-іші «Ақ Жайыққа» бірінші рет жазылды, лотереяға да алғаш рет қатысып отырмын. Әп дегеннен жолым болды. Ұтқанымыз жайлы күйеуім сайттан біліп алып, қоңырау шалып, құттықтады. Іле-шала біздің пошташымызданхабарласты. Бұл соның еңбегі болатын: бізге «Ақ Жайыққа» жазылуды ұсынған, содан соң лотереяға қатысу үшін тіркелуге де көндірген сол еді. Жаңа жылдың керемет бастамасы үшін оған көп рахмет!

 

Аққыстау поселкесінің тұрғыны Қанат СЫЕХ он жылдан аса уақыттан бері «Ақ Жайыққа» жазылып келеді екен. Ол алғаш рет, бірден 90 000 теңгеұтып отыр:

- Әр бейсенбісайын бүкіл отбасымызбен (жұбайы, алты баласы– Т. С.) «Ақ Жайықтың» жаңа нөмірін күтіп отырамыз. Енді ұтысқа да қол жеткіздік. Отбасым сүйікті газетіміздің жаңажылдық сыйлығымен үйге оралуымды асыға күтіп отыр.

 

 

Атырау қаласының тұрғыны Есенжан ТЕМІРҒАЛИЕВ 1 000 000 теңге ұтып алды. Ол «Ақжайық» (қандай сәйкестік!) теміржол стансасында жұмыс істейді екен:

– «Ақ Жайықты» көптен жаздырып алып оқимыз. Лотереяға көптен бері қатысып келемін, бірақ бұған дейін ұтқан емеспіз. Шынымды айтсам, бұл жолы да ештеңе күтпеген едік. Күтпеген жерден ұтыс кезінде залда болған таныстарым хабарласып: «Есеке, сен миллион ұтқан сияқтысың!» деп сүйінші сұрап жатты. Мен сенбей, сайтты қарадым. Рас екен. Үйдегілердің бәрі қуанды. Жанұям  үлкен – жұбайым екеуміз, бес балам, келінім, екі немерем бар. Жаңа жылда жақсы сыйлықтар алуға бәріне де жетеді!

 

Екінші ақшалай сыйлық - 1 000 000 теңге ұтысқа ие болған Махамбет селосының тұрғыны Төлеген НҰРМҰХАНОВ – біздің тұрақты жазылушы оқырманымыз. Ұтыс сыйлығын алу үшін ол редакцияға жұбайы Анармен бірге келді. Олар қатты қобалжулы болатын:

Ұтыс туралы біз түнде білдік. Содан кейін ешқайсымыз көз ілмедік. Түні бойына үй-ішімізбен қуанумен болдық, - дейді Төлеген бақытты жүзбен. – Мұның өте орынды боп кеткенін білсеңіз ғой. Мен де, жұбайым да қазір жұмыссызбыз. Жеті баламыз – төрт ұл, үш қызымыз бар. Үлкен қызым 14-те, кенже ұлым екі жаста. Жағдайымыз қиындау боп тұр. Ұтсақ екен деп үміттендік, бірақ миллион туралы армандамаған да едік. Сіздерге алғысымыз зор!

Сіздерге рахмет! Жаңа жыл құтты болсын!

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

29 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.