Атырау, 25 қараша 06:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мас жолаушы ұшақты кешіктірді

2 017 просмотра

Кеше КС-890 АтырауАлматы рейсі екі сағаттай уақытқа кешігіп ұшты. Оған экипаждың борттан мас жолаушыны түсіріп тастау шешімі себеп болыпты.

Әлде жолаушыларды ма? Бұл жағдайға қатысы бар барлық қызмет орындары тергеу жүргізіліп жатқандығын желеуретіп, комментарий бермей отырғандықтан бұл сұрақ жауапсыз қалып отыр. Сол бортта болған оқиға куәгерлері, отырғызу аяқталғаннан кейін бизнес-класстағы жолаушылардың бірі «рейске қауіп төндіріп» тұрғандықтан, жолаушылардың барлығы (200-ден астам адамды) «Боинг-767» ұшағынан кері түсірілгендігін телефон арқылы хабарлады. Шамасы, жанжалқор жалғыз болмаса керек, басқа деректер бойынша, рейстен онымен бірге болған тағы екі ер адамды түсіріп тастаған.

Осының салдарынан ұшақ 45 минутқа кешікті, - деп хабарлады «Эйр Астана» әуе компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Тілек ӘБДРАХИМОВ. – Оған тағы бір басқа себеппен кешіккен 20 минутты қосыңыз: бортқа қуат көзін жеткізу құрылғысы (автолифт) қатып қалды. Рейс 01.00-де ұшып шықты (23.10-да ұшуы тиіс – З. Б.). Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қосымша комментарийлер кейін болады.

Жолаушының мастық дәрежесі мен оның басқалар үшін ықтимал қаупі қалай анықталады? – деп сұрадық біз «Халықаралық Атырау әуежайы» АҚ-ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Баянби СМАҒҰЛОВАДАН.

Сіз айтып отырған жолаушылар тексерістен дұрыс өтті, бірақ борттың ішінде балағат сөздер айтып, айналадағылардың берекетін ала бастады. Борттан жолаушыларды түсіру жөніндегі шешімді қабылдау тек экипаждың құзырындағы нәрсе.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 желтоқсан 2012, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.