ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 желтоқсанда Қарабатандағы мұнай-химия кешеніндегі құрылыс алаңында ажалға соқтырған қайғылы жағдай орын алды.
«КГС-Астана» ЖШС жұмысшылары жерге қадамас бұрын үйілген қадаларды қарамаймен майлап жатқан еді. Жоғарыда қаттап жиналған бәленбай тонналық колонналар төменге құлап түсіп, екі жұмысшыны жаныштап тастады. Жұмысшылардың бірі сол жерде көз жұмды. Ал екіншісінің өмірімен қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінің дәрігерлері күресуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ