Атырау, 27 шілде 05:09
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Шымкенттегі әуе апатынан қаза болғандардың туған-туыстары 9 мәйітті таныды

1 799 просмотра

Шымкенттегі әуе апатынан қаза болғандардың туған-туыстары 9 мәйітті таныды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды BNеws.kz тілшісі. 

«Бүгінгі таңда тоғыз мәйіт анықталды. Атап айтқанда, подполковник Асуан Айтманбетов, подполковник Сәулебай Досыбеков, подполковник Аманбек Шұқанов, подполковник Вячеслав Рахман, майорлар Алмаз Ыбраев пен Олег Голубев, аға сержант Мақсат Қонақбай, сержант Гүлнүр Доланбаева, кіші сержант Павел Вязиковтың мәйіттері танылды», - деді бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. 

Ведомство өкілі нақтылап өткендей, мәйіттерді тану жұмыстары жалғасып жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

28 желтоқсан 2012, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.