Атырау, 3 маусым 14:40
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Батыс Қазақстанда 73 қылмыстың жасырылғаны анықталды

1 807 рет қаралды
 
Батыс Қазақстан облысында биыл жедел-іздестіру шараларын жүргізудің 48 фактісі әшкереленді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ішкі істер органдары заңсыз ұстаған 27 азамат босатылды. Қызмет бабы барысында азаматтарды ұрып-соққаны үшін құқық қорғау органдарының 7 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қалжамитов деген азаматқа күш көрсеткені үшін Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Қапанов 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ішкі істер органдарының 23 лауазымды қызметкері тәртіптік шараға тартылды.

Өңірде жасырылған 73 қылмыс анықталып, қосымша есепке қойылды. Есеп-тіркеу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық қудалау органының 191 лауазымды қызметкері (соның ішінде 14-і - басшы) жазаланды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 желтоқсан 2012, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.