Атырау, 25 қараша 07:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жанбай түсінбеуі мүмкін

3 175 просмотра

26 желтоқсанда үкіметтік делегацияның Атырауға сапары барысында ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қадыржан ТЕЙЛЯНОВ Каспий теңізінде балық аулауға шетелдік инвесторлар тартылуы мүмкін деп хабарлады.

«АЖ» сауалнама жүргізген балықшылардың көпшілігі  мемлекет теңізге шетелдік капиталды тарта алмайды, өйткені бұл сала толықтай криминалданған және инвесторлар мен балықшы ауылдары арасында кикілжіңдер туындауы мүмкін деп есептейді.

Кейбіреуі Тейлянов Атырау облысы емес, Маңғыстау облысы туралы айтты деп болжайды. Ол жақта теңізде кефаль, алакөз және шабақ балық көп кездеседі.. Оларды аулау үшін үлкен торлар мен қуатты кемелер керек. Бұрын Ақтауда теңіз балық аулау флоты болған, ол экономикалық құлдырау кездерінде жойылып кеткен. Енді соны қалпына келтіргісі келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 желтоқсан 2012, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.