Атырау, 28 қыркүйек 16:21
 ашықВ Атырау +19
$ 482.77
€ 509.71
₽ 5.00

Көмекке «МАЗ» келді

1 507 просмотра

25 желтоқсанда «Арнаулы автобаза» КМК паркі «Уральскагрореммаш» АҚ өндірісіндегі МАЗ базасында жасалған 6 суару автокөлігімен толықты. Олар көшені тазалауға арналған күрекпен және қылшақпен жабдықталған.

Қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, жаңа техника балансқа қабылданғаннан соң екі күннен кейін облыс орталығындағы қарды тазалауға кірісетін болады.

Бүгінгі күні жол техникасы орталық көшелерді ғана тазалауда, ал қосалқы көшелерде жаншылған қар бұдыры көлік қозғалысын қиындатып тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

27 желтоқсан 2012, 23:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.