Қытайдың солтүстігінде ауа райы күрт суытып, қарлы боран соқты.
Елдің Яньтай қаласында қалың қар жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Соның салдарына көліктер жолда тежелуде. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да баяулап, жергілікті тұрғындар діттеген жерлеріне жете алмай, аялдамаларда тұруға мәжбүр. Сонадай-ақ теңіз әскерлері де кемелерінің мұзын ерітумен әлек. Қазір жергілікті егіс алқаптарының жойылып кету қауіпті бар. Ал Синьцзян провинциясының таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жеткен. Ал желдің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға барған, ал Ганьсу провинциясында суыққа шыдай алмай 400-ге жуық қой үсіп өлген. Қазір фермерлер қаһарлы аяздан қорғануда.
Дереккөз: 24.kz