Атырау, 5 қараша 05:31
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Өрт қауіпсіздігін сақта

2 355 просмотра

Облыстық ТЖД-нің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Виталий УМНОВТЫҢ айтуынша, соңғы үш жылға талдау жасау жаңа жылдық мереке кезінде өрт қаупінің өсетінін көрсетті.

 Мәселен, 2010 жылды қарсы алғанда 3 өрт болса, 2011-де - 6 (бір адам қаза болған), 2012 жылы тағы да 6 өрт орын алған. Өрттердің көпшілігі үй ішінде пиротехникаларды қолданудан шыққан.

Пиротехникаларды қалай дұрыс қолдану керек?

1. Нұсқаманы зерделеу. 2. Қолдану мерзімі өткен жарылғыштарды қолдануға болмайды. 3. Балалар үлкендердің қатаң бақылауында болуы керек. 4. Ақаулары бар пиротехниканы (орама тұтастығына, майысуына назар аудар) қолдануға, отшашуларды қалтаға салып жүруге, оларды жанып тұрған отқа лақтыруға, бөлшектеуге не болмаса қандай да бір механикалық әсерлер тигізуге болмайды. 5. Пиротехникаларды жылыту аспаптарының жанына, баланың қолы жететін жерге қоюға болмайды. 6. Білтеге от тигізерде жарылғыш құралдың үстінен қарауға, сондай-ақ, жанып болғаннан кейін 5 минутқа дейін қасына жақындауға болмайды. 7. Отшашуды қатты жел кезінде атуға болмайды. 8. Пиротехниканы адамдар көп жиналған жерде қолдануға болмайды.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 желтоқсан 2012, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.