Атырау, 25 қараша 04:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Мұндай тереңдікке түсіп көрмеппіз»

1 500 просмотра

Атырау облыстық ТЖД-нің Теңіздегі мұнай операцияларын жүргізуге бақылау жасау басқармасы 2012 жыл ішінде Каспий теңізі шельфінде көмірсутегі шикізатын әзірлеуге қатыстырылған 52 кәсіпорынның 232 нысанын зерттеген болатын. Осы тексерулер барысында 167 заңбұзушылық анықталды. Атырау облыстық ТЖД-нің бастығы Болатбек ОМАРОВ ағымдағы жылға қорытынды жасады:

- Каспий шельфіне қатыстырылған кәсіпорындарды тексеруге келсек, мұнда көп кездескен заңбұзушылықтар қызметкерлерге қауіпті өндірістік нысандарда жұмыс жасауға қауіпсіздік ережесі білімдеріне тексеру жасамай рұқсат беру фактілері болып табылады..

Сондай-ақ, Омаров Атырау облысы аумағында 512 төтенше жағдай тіркеліп, онда 97 адам зардап шегіп, 59-ы қаза болғанын, алдын-ала есеп бойынша материалдық шығын 47,3 млн теңгені құрағанын атап өтті.

ТЖ бойынша департаменттің бастығы 6 желтоқсандағы Индер ауданындағы иесіз жатқан 350 метрлік тереңдіктегі тұз шахтасына 50 жастағы жергілікті тұрғынның құлап, қаза болу қайғылы оқиғасын әңгімелеп өтті. Қаза болған адамның мүрдесін шығару операциясына Атырау ТЖД, ҚР ТЖМ Батыс өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару отрядының, «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС, «ҚазМұнайГаз - Бұрғылау СБК» ЖШС қызметкерлері жұмылдырылды.

- Сонымен қатар, жұмысқа кеңесші ретінде Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тау-кен құтқарушылары тартылды. Біз үшін операцияның қиындығы- бұрын Атырау облысында осындай тереңдікке құтқарушылар түспеген еді. Осы қайғылы оқиға өңірде үлкен тереңдікте жер асты жұмыстарын жүргізу бойынша мамандар да, сол сияқты арнайы тау-шахталық жабдықтар, құрылғылар және байланыс құралдарының жоқтығын көрсетті. Ал біз адамдарды кез келген жағдайларда құтқаруға дайын болуымыз керек, - деді Болатбек Омаров.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 желтоқсан 2012, 20:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.