Атырау, 27 қыркүйек 21:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 476.89
€ 505.27
₽ 4.95

Болашаққа сенімдіміз бе?

1 941 просмотра

Бүгін, 26 желтоқсанда «Атырау» Футбол командасының бас бапкері болып 45 жасар черногориялық бапкер Миодраг РАДУЛОВИЧ тағайындалды (суретте). Бұрыңғы бапкерлер штабы толық құрамда отставкаға кетті.

Сондай-ақ, «Атырау» ФК-ның қамқоршылық кеңесінде клуб президенті болып облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН сайланды.

«Атырау» ФК директорлығына Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВ тағайындалды.

М. Радулович Сербия және Черногорияның олимпиадалық (2001-2004 жж.) және U-19 жастар құрамаларының (2004-2006 жж.), Португалиялық «Боависта-Порту» командасының (2006-2007 жж.) бапкері, ташкенттік «Пахтакордың» (2010) бас бапкері қызметтерін атқарған. Соңғы маусымда черногориялық «Будучность»(болашақ) командасына бапкерлік еткен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

26 желтоқсан 2012, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.