Атырау, 8 қазан 04:46
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ағады өзен, ағады... аз-ақ бірақ

5 426 просмотра

Бір кездері суға толы Жылыой ауданындағы Жем өзенінің құрғап қалу қаупі жақын екендігі сондай, өзен суын тиімді пайдалану жобасы бекер секілді көрінеді. Бірақ, жақсылыққа сенгіміз-ақ келеді.

Қазір жоба шеңберінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жем өзенінің қоры негізінен Мұғалжар тауындағы еріген қар суы және бұлақ суымен толықтырылады. Алайда, соңғы кездері  бұлақ көздері бітеліп қалған, қар да бұрынғы жылдардағыдай көп түспейді. Ал әр көктем  сайын Жем суына шабындық жерлер шөлдеп тұрады.

Осындай жағдай Жылыой ауданындағы бір-бірімен байланысты су тоғандарында да бар.

- Санитарлық-эпидемиологиялық станса жыл сайын Қамыскөлге суға түсуге рұқсат етпейді. Себебі, көл суы жаңармауда. Ал көл суы көлге су құятын Құрсай каналы (суретте) құммен бітеліп, қалың қамыс өсіп кетсе қалай жаңарады? Осы жылы жазда Қамыскөл суы жағадан 800 метрге тартылып қалған! - дейді Жылыой ауданы әкімі Мақсым ІЗБАСОВ.

Жазда Бақашы каналында бөгеттер салу жұмыстары жүргізілді. Жем өзенініңүш жерінен бөгет салынды. Бірақ, сол кезде-ақ бұл жұмыстардың тиімді болатынына үлкен күмән болған еді.

- Бақашы каналында бөгеттерді қондыру механизмі ойластырылмаған. Топырақтан бөгет жасау тиімсіз, бұған көптеген шығын кетеді, - дейді әкім М. Ізбасов.-  Бәрінен бұрын Құрсай каналын қалпына келтіру қажет деп есептеймін. 

Бүгінде бірнеше мекеме Жем өзені мен Құрсай каналын тереңдетіп қазудың жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал өсіп кеткен қамыстан арылтуға бюджеттен қаржы қаралған. Осылайша, бұл жұмыстарды қыс ішінде аяқтау жоспарланып отыр, әрі қарай тағы да ойластырады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2012, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.