Атырау, 15 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Павлодар облысында карантин күшейтіледі

2 680 просмотра

Павлодар облысында карантин күшейтіледі, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kzОблыстың бас санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа қаулысы 18 қазанда күшіне енетіні айтылады.

Жаңа ережелерге сәйкес, жексенбіде облыста қоғамдық көліктер тоқтайды. 

Мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар екі сағат бұрын жабылады - кешкі сағат онда. Келушілер әлеуметтік қашықты сақтауы керек, бір үстелге алты адамнан артық отыра алмайды.

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар әлі де жабық. Сонымен қатар, сауда орталығы демалыс күндері жұмыс істемейді. Ғимараттарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілуі тиіс.

Азық-түлік дүкендері 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Базарлар мен азық - түлік емес дүкендер 18:00-ге дейін.

СПА, сұлулық немесе массаж салондары, шаштараздар, сұлулық салондары клиенттерді жазба бойынша қабылдай алады - бір келушіге төрт шаршы метр. Мекемелер 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Фитнес-орталықтарға, спортзалдарға, спорттық-сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу қажет. 20:00-ден кейін облыс тұрғындары жаттығуға бара алмайды.

Кешкі сегізге дейін баспахана, жөндеу шеберханалары, авто-салондар мен автожуу, шиномонтаждау, зергерлік шеберханалар, ателье мен жанармай құю бекеттері жұмыс істейді.

Саябақтар мен алаңдар жабылмайды.

16 қазан 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.