Атырау, 25 қараша 04:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жұмыс орындары азайды

1 816 просмотра

Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша Атырау облысында ірі және орташа кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жалдамалы жұмысшылардың саны 2012 жылғы қазан айында 158 615 адамды құрады (өткен айлармен салыстырғанда 615 адамға кем).

Ірі және орта кәсіпорындарға (облыс бойынша шамамен 650) үcтіміздегі жылдың қазан айында 3 822 адам жұмысқа қабылданған, ал 4 813 адам әр түрлі себептермен босаған. Ай ішінде жұмыстан босаған қызметкерлердің 63,2%-ы өз қалаулары бойынша, штат санының қысқаруына байланысты - 63,2%, себепсіз жұмысқа келмегені үшін – 0,9%, басқа да себептермен – 33,6%-ды құрады.

Жалдамалы жұмысшылардың 2012 жылғы қазандағы саны 175 830 (штат саны 50 адамнан аз шағын филиалдар мен бюджеттік кәсіпорындарды қосқанда) адамды құрады. 2012 жылғы қарашаның соңында 3 494 адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелді. Олардың – 33,6%-ы - әйелдер және көпшілігі ауыл тұрғындары. Тіркелген жұмыссыздардың халықтың экономикалық белсенді топтары арасындағы үлесі 1,2%-ды құрады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА 

26 желтоқсан 2012, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.