Атырау, 15 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

400 қазақстандық eGov арқылы өлімнен кейінгі донорлықтан бас тартты

2 464 просмотра

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov арқылы 500-ге жуық адам қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру немесе бас тарту қызметін пайдаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз денсаулық туралы кодекстің талаптарын автоматтандырдық, ол бойынша әрбір адам өзінің дене мүшелерін донорлыққа пайдалануға келісім бергенін немесе бас тартқаны туралы мәлімдеуі тиіс. Адамдар ешқайда шықпай, қағаз толтырмай, электрондық үкіметте бір батырманы басу арқылы келісім немесе бас тартқанын білдіру үшін бұл қызметті автоматтандырдық.
Бүрсүгіні ғана бұл қызмет енгізілді. Қазірдің өзінде 500-ге жуық өтінім берілді - 60 адам келісті, 400-і бас тартты. Біз адамдарға цифрлық түрде заңнамалық мүмкіндік бердік", - деді министр Сенаттағы үкімет отырысында.

Еске салайық, 13 қазаннан бастап egov.kz порталында қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру немесе одан бас тартуға арналған онлайн-функция қосылды. 

Өтінішті электронды қызметтер топтарының "Денсаулық сақтау" бөлімінен таба аласыз.



16 қазан 2020, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.