Атырау, 23 қараша 02:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚР ҰҚК шекара қызметі басшысының уақытша міндетін атқарушысы болып Абай Брекешев тағайындалды

3 644 просмотра

ҚР ҰҚК шекара қызметі басшысының уақытша міндетін атқарушысы болып Абай Брекешев тағайындалды. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласында өткен брифингте ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарған Т.М. Стамбеков 25 желтоқсанда сейсенбі күні, кешкі сағат 19 шамасында орын алған әуе апатында қаза болды. Шымкент қаласының маңында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Ан-72 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесі мен 20 әскери қызметкер болған. Аталған факті бойынша Шымкент гарнизонының әскери прокуроры ҚР ҚК 392 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазақстанда 27 желтоқсан шекарашылардың қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Дереккөз: bnews.kz

26 желтоқсан 2012, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.