Атырау, 11 желтоқсан 17:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қазақстанда ОҚО-да көлік ұшағы апатқа ұшырауына байланысты ұлттық аза тұту жарияланды

1 984 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Шымкент қаласына жақын жерде әскери-көлік ұшағының апат болуы салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 27 желтоқсанда ұлттық аза тұту жариялансын»,-делінген хабарламада.

25 желтоқсанда 18 сағат 55 минутта Шымкент қаласының маңында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады.Ұшақ бортында болған барлық 27 адам, соның ішінде 7 экипаж мүшесі қаза тапты.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

26 желтоқсан 2012, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.