Атырау, 17 қаңтар 16:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -11
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылар саны 180-нен асты

3 010 рет қаралды

Қазақстанда 184 оқушы індетке шалдықты. Оның ішінде 73 бала кезекші сыныптарға барып жүрген. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда 184 оқушы коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 73 бала кезекші сыныптарда оқыған", - деді Ғиният онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені- Шығыс Қазақстан облысында. Бұл өңірде 17 мектепте барлығы 21 оқушы тіркелген. Әр білім ошағында бір-екі жағдайдан анықталды.

Екінші орында - Солтүстік Қазақстан облысы, 15 оқушы дертке шалдыққан. Қалғандары басқа облыстарда.

Вице-министр 73 оқушының 12-сі стационарда ем қабылдап жатқанын айтты, олардың жағдайы орташа. Ауыр жағдайда жатқандар жоқ.


14 қазан 2020, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.