Атырау, 6 қазан 13:17
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Шымкенттің маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» табылды- Абықаев

2 505 просмотра

ШЫМКЕНТ, 26  жел  -Қазақстан жаңалықтары АА. Шымкенттің маңында 25 желтоқсанда құлаған АН-72 ұшағының «қара жәшігі» табылды,  деп мәлімдеді сәрсенбіде Шымкентте брифингте Қазақстан ҰҚК басшысы Нұртай Абықаев.

25 желтоқсанда 18 сағат 55 минутта Шымкент қаласының маңында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады.Ұшақ бортында болған барлық 27 адам, соның ішінде 7 экипаж мүшесі қаза тапты. Ұшақтың қирау  фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

"«Қара жәшік» табылды, болған оқиғаның себебін анықтаумен арнайы комиссия айналысады», - деді  Абықаев. Оның айтуынша, қазіргі уақытта екі нұсқа – адам факторы және ауа райының қолайсыздығы қарастырылуда. "Ұшақ қонбақшы болған кезде белеске соқтығысқан", - деп мәлімдеді Абықаев.

Дереккөз: newskaz.kz

26 желтоқсан 2012, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.