Атырау, 23 қараша 01:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елбасы Шымкенттің маңындағы ұшақтың апатында қаза тапқандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтты

1 905 просмотра
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қызметкерлерінің қайтыс болғаны туралы хабарды қайғырып қабыл алдым. Қазақстан халқы атынан және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Менің тарапымнан ұшақтың апатқа ұшырау себептерін анықтау, сондай-ақ қайтыс болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берілді" - делінген Мемлекет басшысының жеделхатында. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

 

 

26 желтоқсан 2012, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.