Атырау, 23 сәуір 22:09
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Еш өкінбеймін". ШҚО полицейі атышулы видеоға қатысты түсінік берді

Бейнежазба
2 828 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр


Шығыс Қазақстан облысында басшылықтан қысым көріп жатқаны туралы видеоүндеу жазған полицей атышулы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы сөйлесу барысында әрекетіне еш өкінбейтінін айтты.

"Мен еш өкінбеймін. Заң аясында әрекет еттім. Айтатынымның барлығын айттым, алып-қосарым жоқ", - деді Мейрембаев.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бөлімде тексеріс жүріп жатыр, нәтижесі әлі шықпады.

"Маған қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Бәрі жақсы, мен жұмыстамын. Соңғы күндері көбі маған қоңырау шалып жатыр, біреуі қолдаса, біреуі сөгіп жатыр. Телефонды қуаттап үлгермей жатырмын. Бірақ басшылықтан менімен ешкім байланысқа шықпады, ешкім қысым көрсеткен жоқ, - деді Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы.

Еске салайық, мұның алдында  Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының полицейі видеоүндеу жариялап, бастығы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынған адамды заңсыз босатуға мәжбүрлегенін айтқан болатын.

Содан басшысының айтқанын орындаудан бас тартқан полицей видеоүндеу жазған болатын.

12 қазан 2020, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.