Атырау, 23 желтоқсан 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанға ұшып келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды

2 686 рет қаралды

Халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6-12 қазан аралығында Халықаралық  әуе рейстерімен 14 578 жолаушы келді, олардың ішінде коронавирусқа ПТР анықтамалары бар - 11 966 немесе 82 пайыз, анықтамасыз - 2 596 жолаушы. ПТР талдауын тапсыру үшін 2 596 қазақстандық екі күндік карантинге орналастырылды.

Тест тапсырған 2 596 қазақстандықтың ішінен әртүрлі  әуе арейстерімен және түрлі мерзімдер бойынша келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды", - деді Байғабылов.

Оның айтуынша, жұқтырғандардың арасында үш жолаушы Алматыда (10 және 12 қазанда ұшып келген), біреуі Нұр-Сұлтанда (9 қазанда) және екеуі Шымкентте (11 қазанда).


12 қазан 2020, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.