Атырау, 22 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі

2 586 рет қаралды

Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау облысында 13 қазан сағат 00: 00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 28 тамыздағы қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес:

- мейрамханалар, кафелер (30 орыннан аспайтын) және ірі супермаркеттердің жұмысы сағат 21.00-ге дейін қысқарады. Жеке үй-жайларда орналасқан, ауданы 100 шаршы метрден аспайтын азық-түлік дүкендерінің жұмысы - 23.00-ге дейін.- Қоғамдық көліктер сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі мен жексенбіде автобустар тоқтайды.

- Фитнес орталықтары мен спорт залдар жабылады.
- Азық-түліктен басқа барлық базарлардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
- Үйлену тойлары мен топтық шараларды болдырмау үшін рейдтер көбейеді.

Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді. Жалпы Маңғыстау облысында КВИ бойынша 3 362 жағдай анықталды.

12 қазан 2020, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.