Атырау, 11 желтоқсан 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери-көлік ұшағының апаты кезінде қаза болғандардың тізімін ұсынды

3 751 просмотра

Баспасөз хабарламасы

Бұған дейін хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 25 желтоқсанда 18 сағат 55 минутта Шымкент қаласының маңында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ боортында болған барлық 27 адам, соның ішінде 7 экипаж мүшесі қаза тапты.

Қаза тапқандардың ішінде Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Т.М. және Қызмет орталық аппаратының бір топ офицерлері, сондай-ақ ү.ж. 25 желтоқсанда Астана қаласында Шекара қызметі Әскери кеңесінің жиналысына қатысқан «Оңтүстік» өңірлік басқармасының әскери қызметшілері бар.

Шекара қызметінің басшылығы Шымкент қаласына«Оңтүстік» өңірлік басқармасында өткен жылдың қорытындысын шығару бойынша Әскери кеңес өткізу үшін ұшып шыққан.

Қазіргі уақытта әуе апаты орнында авиациялық оқиғаларды тергейтін ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде.

Шымкент қаласына ҰҚК Төрағасы Н.Әбіқаев ұшып шықты.

 

Қаза болғандар тізімі:

Экипаж командирі – майор Нұрахметов Марат Тұрсынұлы;

Штурман – майор Голубев Олег Александрович;

Аға бортмеханигі – капитан Үсенов Марат Еркенұлы;

Командирдің көмекшісі –аға лейтенант Лұқпанов Аслан;

Аға бортмеханигі – прапорщик Вологжанин Александр Петрович;

Аға бортмеханигі – сержант Мысаев Ренат Қанапияұлы;

Бортсерігі – сержант Доланбаева Гүлнұр Жүнісқызы;

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы;

ШҚ Бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы полковник Нұрлашев Ерғали Нұрғазыұлы;

«Оңтүстік» өңірлік басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Доценко Павел Михайлович

«Оңтүстік» ӨБ бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат Күлкешұлы

ШҚ бөлімінің бастығы полковник Қабдылғазезов Қанатбек Тоқтарбекұлы

ШҚ басқармасының бастығы полковник Махаев Ерлан Мейрамбекұлы

ШҚ аға консультанты подполковник Дмитриев Александр Игорьевич

«Леңгір» шекаралық бақылау бөлімі штабының бастығы подполковник Кущь Валерий Николаевич

Жеке инженерлік-саперлік батальоны командирі Қожахметов Бауыржан Зарқымұлы

«Меркі» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы майор Ибраев Алмаз Шаймұхамбетұлы

ШҚ күзет және қамтамасыз ету комендатурасының коменданты Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы

 

«Оңтүстік» ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:

подполковник Рахман Вячеслав Александрович

подполковник Мұхамадиев Қайрат Ахметқалиұлы

подполковник Шұқанов Аманбек Пердешбекұлы

подполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы

 

ӨБ шекара жасақтарының бастықтары:

подполковник Рахман Александр Александрович

 

«Оңтүстік» ӨБ әскери қызметшілері

аға лейтенант Филипко Анатолий Олегович

аға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлы

кіші сержант Вязиков Павел Константинович

Стамбекова Сәуле Айтмұханбекқызы

 

АН-72 әскери-көлік ұшағы 1990 жылғы желтоқсанда шығарылған. 2012 жылда Украинадағы «КБ Антонов» әуе жөндеу зауытында ресурсын қалпына келтіруден өткен.

Ұшақ экипажы тәжірибелі әскери ұшқыштар мен мамандардан құралған болатын.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Дереккөз: knb.kz

26 желтоқсан 2012, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.