Атырау, 29 наурыз 18:04
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Junior Eurovision байқауына қатысып жатқан қазақстандықтың бейнебаяны жарық көрді

Бейнежазба
2 727 просмотра
Youtube-тен алынған кадр

12 жастағы қазақстандық Қарақат Башанованың "Forever" әніне арналған бейнебаяны Junior Eurovision байқауының ресми Youtube-тегі арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жас орындаушы өзінің "Forever" әнін 7 жасында әкесіне арнаған. Осы өлеңді былтыр Ержан Максимге ән жазған композитор Хамит Шаңғалиев шығарған.

Бейнебаян сценарийін режиссер Малик Зенгер ойластырған. Онда қызы мен әкесінің түрлі кезеңдегі өмір тарихы көрсетіледі.

Қарақат 5 жасынан ән айтады. Қазір ол Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық музыка академиясының музыка мектебінде оқиды, фортепиано мен скрипкада ойнайды.

Ол Қазақстандағы бірнеше вокал байқауына қатысқан. Қарақат "Балалар дауысы 2018" байқауының финалисі.

Junior Eurovision-2020 байқауының гранд-финалы 29 қарашада телекөпір форматында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасының даусы мен онлайн дауыс беру арқылы анықталады.


11 қазан 2020, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.