Атырау, 28 наурыз 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 5 адам қайтыс болды

2 832 просмотра

2020 жылы 11 қазанда тіркелген COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 258 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 875, 367 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 676 жетті.

Сонымен қатар, коронавирустан 3 адам қайтыс болды. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 012 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 952 науқас жатыр. 1 060 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. 


11 қазан 2020, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.