Атырау, 22 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Баку мен Ереван бітімге келу туралы келісті

2 996 рет қаралды

Армения мен Әзербайжанның әскерилері сенбі күні оқ атуды тоқтату туралы келісті, деп хабарлайды Sputnik.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бітім 10 қазан күні 12-де басталады. Келісім туралы мәлімдемені Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады.

Келіссөздер 10 сағатқа созылған. Оның қорытындысы бойынша үшжақты құжатқа қол қойылды.

"Ресей президенті Путин, Әзербайжан президенті Әлиев, Арменияның премьер-министрі Пашинян уағдаластығына сәйкес, оқ ату 10 қазан 12:00-ден бастап тоқтатылады. Әскери тұтқындар және өзге тұлғалармен алмасу жүзеге асады. Қаза болғандардың денелері беріледі. Халықаралық Қызыл Крест комитеті қолдау көрсетеді", - деді Лавров.

БҰҰ ақпаратына сәйкес, 27 қыркүйек- 8 қазан аралығында Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы салдарынан 53 тұрғын қаза болды. Арасында балалар да бар.

10 қазан 2020, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.